Accessibility links

Грузия қаржы министрі премьерлікке кандидат ретінде ұсынылды

Мамука Бахтадзе, Грузия премьер-министрлігіне ұсынылған кандидат. Тбилиси, 14 маусым 2018 жыл.
Мамука Бахтадзе, Грузия премьер-министрлігіне ұсынылған кандидат. Тбилиси, 14 маусым 2018 жыл.

Грузияның биліктегі "Грузия арманы" партиясы қаржы министрі Мамука Бахтадзені премьер-министрлікке кандидат етіп ұсынды. 13 маусымда премьер-министр Георгий Квирикашвили Тбилисидегі бірнеше күнге созылған наразылық акциялары кезінде отставкаға кеткен.

"Біз Грузия халқының Еуро-Атлантикалық кеңістікке интеграциялану жолындағы тарихи таңдауын іске асырамыз" деп мәлімдеді Бахтадзе 14 маусымда өзін премьерлікке ұсынғаннан кейін. Ол сонымен қатар "түбегейлі және бастамашыл реформалар жүргізуге, Грузияның әр азаматының өміріне ықпал ететін жаңа экономикалық модель жасауға" уәде берді.

Георгий Квирикашили премьерліктен отставкаға кететінін жариялап тұрып, мұндай шешім қабылдауына "Грузия арманы" партиясының жетекшісі, миллиардер Бидзина Иванишвилимен келісе алмауы себеп болғанын мәлімдеген. Квирикашвили Грузия үкіметін 2015 жылдың желтоқсанынан бері басқарған.

36 жастағы Бахтадзе бір апта ішінде президент Георгий Маргвелашвилиге үкімет құрамын ұсынуы тиіс. Маргвелашвили бұдан соң бір апта ішінде үкімет құрамын парламенттің мақұлдауына ұсынады. Бұрын "Грузия теміржолы" компаниясын басқарған Бахтадзе 2017 жылы қарашада үкіметтегі ауқымды қайта құру кезінде қаржы министрі болып тағайындалған.

Премьер отставкасын талап еткен наразылық

Наразылар былтыр желтоқсанда екі жасөспірімнің өлімі бойынша қылмыстық істің дұрыс тексерілмегеніне наразы. Наразылар "екі баланың өліміне қатысты істі кей шенеунік жабуға тырысты" дейді.  Кісі қолынан қаза тапқан жасөспірімдердің бірі Заза Саралидзе "бас прокурор мен прокуратураның басқа да қызметкерлері қылмыс жасаған адамды қорғаштап отыр және айғақтарды жойып жіберді" деп санайды. 1 маусым 2018 жыл. 
1/10 Наразылар былтыр желтоқсанда екі жасөспірімнің өлімі бойынша қылмыстық істің дұрыс тексерілмегеніне наразы. Наразылар "екі баланың өліміне қатысты істі кей шенеунік жабуға тырысты" дейді.  Кісі қолынан қаза тапқан жасөспірімдердің бірі Заза Саралидзе "бас прокурор мен прокуратураның басқа да қызметкерлері қылмыс жасаған адамды қорғаштап отыр және айғақтарды жойып жіберді" деп санайды. 1 маусым 2018 жыл. 
Тбилисиде парламент алдына жиналған мыңдаған адам премьер-министрдің биліктен кетуін талап етті.
Наразылар Тбилиси көшесінде. 1 маусым 2018 жыл.
2/10 Наразылар Тбилиси көшесінде. 1 маусым 2018 жыл.
Тбилисиде парламент алдына жиналған мыңдаған адам премьер-министрдің биліктен кетуін талап етті.
Наразылардың бас прокурор Ираклий Шотадзенің отставкасын талап еткен шарасы. 31 мамыр 2018 жыл.
3/10 Наразылардың бас прокурор Ираклий Шотадзенің отставкасын талап еткен шарасы. 31 мамыр 2018 жыл.
Тбилисиде парламент алдына жиналған мыңдаған адам премьер-министрдің биліктен кетуін талап етті.
Бас прокурор Ираклий Шотадзенің (суретте) отставкаға кеткен. Бірақ шерушілер бұған көңілі толмай, енді үкіметтің отставкаға кетуін талап етіп отыр. 31 мамыр 2018 жыл. 
4/10 Бас прокурор Ираклий Шотадзенің (суретте) отставкаға кеткен. Бірақ шерушілер бұған көңілі толмай, енді үкіметтің отставкаға кетуін талап етіп отыр. 31 мамыр 2018 жыл. 
Тбилисиде парламент алдына жиналған мыңдаған адам премьер-министрдің биліктен кетуін талап етті.
Тбилиси орталығындағы наразылық. 1 маусым 2018 жыл. 
5/10 Тбилиси орталығындағы наразылық. 1 маусым 2018 жыл. 
Тбилисиде парламент алдына жиналған мыңдаған адам премьер-министрдің биліктен кетуін талап етті.
Грузия премьер-министрі Георгий Квирикашвили Тбилисидегі наразылық акциясына шыққандардың отставкаға кету талабын орындаудан бас тартты. 31 мамыр 2018 жыл.
6/10 Грузия премьер-министрі Георгий Квирикашвили Тбилисидегі наразылық акциясына шыққандардың отставкаға кету талабын орындаудан бас тартты. 31 мамыр 2018 жыл.
Тбилисиде парламент алдына жиналған мыңдаған адам премьер-министрдің биліктен кетуін талап етті.
200-ге тарта адам 1 маусымға қараған түні парламент алдында шатырларда түнеп шықты. Акцияны ұйымдастырушылар қарсылықты жалғастыра беретінін айтты.
7/10 200-ге тарта адам 1 маусымға қараған түні парламент алдында шатырларда түнеп шықты. Акцияны ұйымдастырушылар қарсылықты жалғастыра беретінін айтты.
Тбилисиде парламент алдына жиналған мыңдаған адам премьер-министрдің биліктен кетуін талап етті.
Парламент алдына жиналған наразылар. 31 мамыр 2018 жыл.
8/10 Парламент алдына жиналған наразылар. 31 мамыр 2018 жыл.
Тбилисиде парламент алдына жиналған мыңдаған адам премьер-министрдің биліктен кетуін талап етті.
Наразылар парламент алдында ұялы телефондарының жарығын жағып, наразылық білдіріп тұр. 31 мамыр 2018 жыл. 
9/10 Наразылар парламент алдында ұялы телефондарының жарығын жағып, наразылық білдіріп тұр. 31 мамыр 2018 жыл. 
Тбилисиде парламент алдына жиналған мыңдаған адам премьер-министрдің биліктен кетуін талап етті.
Наразылық кезінде парламент ғимараты алдында тұрған полиция. 31 мамыр 2018 жыл. 
10/10 Наразылық кезінде парламент ғимараты алдында тұрған полиция. 31 мамыр 2018 жыл. 
Тбилисиде парламент алдына жиналған мыңдаған адам премьер-министрдің биліктен кетуін талап етті.
Previous slide
Next slide

XS
SM
MD
LG