Accessibility links

Құқық қорғаушылар Астананы әлеуметтік желіні "бұғаттамауға" шақырды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстандық құқық қорғаушылар билікті әлеуметтік желілерді "бұғаттауды доғаруға" шақырды. Қазақстандағы халықаралық адам құқығы бюросы таратқан мәлімдемеде азаматтардың ақпаратқа еркін және кез-келген уақытта қол жеткізуге құқығы бары айтылады.

Қазақстандағы қолданушылар ара-тұра әлеуметтік желілерге, оның ішінде Facebook, Twitter мессенджерлері, YouTube сайты мен Telegram-ға кіру қиындағанына шағымданады. Құқық қорғаушылар интернетке кіру бұдан ары да шектеле берсе, сотқа азаматтардың ақпарат алу және оны тарату құқығының шектелгеніне сотқа шағымдануға мәжбұр болатынын айтады.

"Әлеуметтік желілерді бұғаттау қазақстандық интернет қолданушыларының тыйым салынбаған ақпаратты кедергісіз алу және тарату құқығын тікелей шектейді. Салдарынан жүз мыңдаған қолданушының әлеуметтік желілерді өздері қалаған уақытта қолдану мүмкіндігі шектелді" деп мәлімдеді құқық қорғау ұйымы.

Құқық қорғаушылар ақпаратқа қолжетімділікті шектеу Астана қол қойған Азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі халықаралық пактінің 19-бабын бұзатынын айтады. Бұл - БҰҰ-ның адам құқығы жөніндегі комитетіне жүгінуге мәжбүрлейді.

"Біздің сонымен қатар әлеуметтік желілерді заңсыз бұғаттауды тоқтатуды талап етіп, қазақстандықтардан қол жинау кампаниясын ұйымдастыруға хақымыз бар" делінген мәлімдемеде.


Сарапшылар мен құқық қорғаушылар Қазақстанда әлеуметтік желілерге кіруді шектеудің биліктің сот тыйым салған "Қазақстанның демократиялық қозғалысына" (ҚДТ) қарсы шараларымен байланысы бар болуы мүмкін деген де болжам айтады. ҚДТ-ны шетелде тұратын бұрынғы банкир әрі президент Нұрсұлтан Назарбаевты сынайтын Мұхтар Әблязов құрған. Ол әлеуметтік желілер, YouTube сайты мен мессенджерлер арқылы тыңдармандарына үндеу жариялап, қарсылық акцияларына шақырады.

Адам құқығы бюросының мәлімдемесінде әлеуметтік желілерді бұғаттаудың артында соттың "ҚДТ-ның интернеттегі жұмысын шектеу" туралы шешімін орындайтын ақпарат және коммуникация министрлігі тұруы мүмкін екені айтылады.

Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев бұған дейін министрліктің ешқандай шара жасап жатпағанын және бұл мәселеде "техникалық ақау" барын айтқан.

Ал Қазақстандағы интернет қолданушылар да шектеуді анонимді түрде айналып өтуге мүмкіндік беретін кейбір ірі VPN сервистерінің ашылмай тұрғанын айтады.

Видео: Абаев әлеуметтік желінің ашылмауы туралы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG