Accessibility links

Қазанда Назарбаев Миннихановты орденмен марапаттады


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Татарстан президенті Рустам Миннихановқа бірінші дәрежелі "Достық" орденін тапсырып тұр. Қазан, 15 маусым 2018 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Татарстан президенті Рустам Миннихановқа бірінші дәрежелі "Достық" орденін тапсырып тұр. Қазан, 15 маусым 2018 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев маусымның 15-і күні Қазан қаласында Татарстан президенті Рустам Миннихановпен кездесті. Қазан кремлінде өткен кездесуде екіжақты әріптестік мүмкіндіктері талқыланды. Өз сөзінде Назарбаев Қазанда соңғы рет осыдан 13 жыл бұрын болғанын айтып, қаланың бүгінгі келбетін мақтаған.

- Менің Астанам бар, Еуропаның кез-келген елінің астанасына барған кезде кеткенше асық боламын. Маған олар ескі, мейманханалары қаусаған, кілемдері қажалған болып көрінеді. Бізде барлығы жалтырап тұр. Ең әсем қалалардың бірі Қазан да дәл солай жалтырап тұр, - деген Назарбаев.

Бұған қоса ол Татарстанды Ресейдің "аса дамыған, үздік», сонымен бірге Қазақстан үшін экономикалық және мәдени тұрғыдан жақын аймағы деп атаған.


Минниханов Қазақстанда Татарстанның "ең басты серігі» деп атап, "Қазақстанда көрген және естіген нәрселердің көбі» Татарстанда да енгізіліп жатыр деп хабарлаған. Ол Қазақстанның білім жүйесі туралы, мысалы, Назарбаев зияткерлік мектептері, Назарбаев университет және EXPO көрмесін ұйымдастыруға жоғары баға берген.

- Тәнті болғаным туралы айтпай қала алмаймын. Көрме жоғары деңгейде өтті. Сіздің арқаңында әлеуетті әрі қазіргі заманғы алаң бой көтерді, - деген Минниханов.

Кездесу барысында Назарбаев екі ел арасындағы достық қатынастарды, өзара түсіністік пен сенімді нығайтуға қосқан үлесін атап өтіп, Татарстан президенті Миннихановты бірінші дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады деп хабарлайды Ақорда сайты.

Назарбаев Татарстанға екі күндік жұмыс сапарымен маусымның 14-і күні Мәскеуде әлемдік футбол чемпионатының ашылу рәсіміне қатысқаннан кейін барған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG