Accessibility links

Хокингті Дарвин мен Ньютонның қасына жерледі


Физик Стивен Хокингтің сүйегінің күлін жерлеу рәсімі. Вестминстер аббаттығы, Ұлыбритания, 15 маусым 2018 жыл.
Физик Стивен Хокингтің сүйегінің күлін жерлеу рәсімі. Вестминстер аббаттығы, Ұлыбритания, 15 маусым 2018 жыл.

Ұлыбритания астанасы Лондонда белгілі физик ғалым Стивен Хокингтің сүйегінің күлін жерлеу рәсімі өтті. Оны Вестминстер аббаттығындағы әйгілі ғалымдар Чарльз Дарвин мен Исаак Ньютонның зираттарының қасына жерледі.

Жанама амфиотрофикалық склероз ауруы салдарынан сал ауруына ұшыраған Хокинг биыл наурызда 76 жасында қайтыс болған. Сырқатымен 50 жылдан астам уақыт өмір сүрген ғалым кванттық космологияның негізін салушылардың бірі болды, ол "Үлкен жарылыс" нәтижесінде әлемнің пайда болғаны туралы теорияны зерттеп, "Қара тесік" теориясын ашуға көп еңбек сіңірді. Дерт салдарынан тек бет бұлшық еттері ғана сау қалған Хокинг датчиктің көмегімен компьютерді басқарған.


Ғалым қайтыс болғаннан кейін оның әйгілі механикалық дауысының жазбасы еуропалық Cebreros аэроғарыш станциясының көмегімен ғарышқа радиосигнал түрінде жолданған. Қызы Люси Хокингтің сөзінше, бұл сигнал "бинарлық жүйедегі ең жақын 1A 0620-00 қара тесігі" жаққа қарай жіберілген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG