Accessibility links

БАҚ: Трамп пен Путин Еуропада кездесуі мүмкін


АҚШ президенті Дональд Трамп (сол жақта) пен Ресей президенті Владимир Путин. Дананг, Вьетнам, 11 қараша 2017 жыл.
АҚШ президенті Дональд Трамп (сол жақта) пен Ресей президенті Владимир Путин. Дананг, Вьетнам, 11 қараша 2017 жыл.

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путинмен биыл жазда Еуропа елдерінің бірінде кездесуі мүмкін деп хабаралды америкалық Washington Post газеті Ақ үйдегі жоғары лауазымды дерек көзіне сілтеме жасап.

Алдағы айда Трамп Еуропада өтетін НАТО елдері басшыларының кеңесіне қатысады.

Бұған дейін Трамп пен Путин кездесуі өтуі ықтимал ел ретінде Австрия аталған. Ресми Вена ондай саммитті өткізуге әзір екені туралы мәлімдеген.


АҚШ-тың Мәскеудегі елшісі Джон Хантсман жақын болашақта Мәскеуге баратын республикашыл сенаторлар делегациясы құрамын анықтап жатыр деп хабарланды. АҚШ-тағы 2016 жылғы президент сайлауына Ресейдің ықтимал араласуы туралы деректер шыққаннан кейін АҚШ сенаторларының Мәскеуге сапары тиылып қалған болатын.

Washington Post басылымының жауынша, бұған дейін Трамптың Путинмен кездесуге талпынысы АҚШ президентінің көмекшілері мен ол саммиттің пайдалы болатындығына күмән келтіріп, ондай кездесу Брюссельдегі НАТО кеңесінің маңызын көлеңкесінде қалдыру мүмкін деп қауіптенген дипломаттардың қарсылығына кезіккен.

"Президент Вьетнамда Путинмен кездескеннен кейін оны Ақ үйге шақыруға ықыласын [өткен жылы] қарашада білдіріп, бізден шақыру жазуды сұраған", - деп хабарлаған басылымға АҚШ президенті әкімшілігінің аты-жөні аталмаған өкілі. – "Бұл мәселені келесі жолы дәл сондай бұйрық берілгенге дейін жай ғана елеусіз қалдыруды ұйғардық".

Ақ үй бұл ақпарат байланысты әзірге комментарий берген жоқ.

Президент Трамптың кей қарсыластары Украина мен Сирияға қатысты үлкен мәселелерден бастап, АҚШ пен Ресейдің дипломатиялық миссияларындағы қызметкерлер санын бұрынғы қалпына келтіру немесе АҚШ сайлауына Мәскеудің ықтимал араласуына жауап ретінде жабылған Нью-Йорк пен Вашингтон маңындағы ресейлік дипломаттардың демалыс үйлерін оларға қайтарып беру тәрізді ұсақ мәселелерге дейін реттеуді талқылауға арналған саммит өткізуге қарсылық білдіріп отыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG