Қырғызстан мемлекеттік шекара қызметінің ақпараты бойынша, "Ак-Тилек" шекара бекетінде 12 калибрлі оқ алып өтпек болған Қазақстан азаматы ұсталған деп хабарлайды Азаттықтың Қырғыз қызметі.
Ұсталған адамның аты-жөні мен жасы туралы дерек жоқ.
Қырғыз шекарашыларының мәліметінше, қазақстандық азамат шекараға Mercedes-Benz көлігімен келген. Көліктің жүк салатын бөлігіндегі рюкзактағы курткадан 12 калибрлі, көкшіл түсті тоғыз оқ табылған. Ұсталған ер адамда оқты алып жүруге рұқсат беретін ешқандай құжат болмаған делінген ақпаратта.
Шекарада ұсталған адам мен одан табылған оқтар Қырғызстан ішкі істер министрлігі қызметкерлеріне берілген деп хабарлайды Азаттықтың Қырғыз қызметі.
ПІКІРЛЕР