Accessibility links

Йеменде маңызды портты қала үшін шайқас жүріп жатыр


Қызыл теңіз жағасындағы Ходейда порты. Йемен, 27 қаңтар 2018 жыл.
Қызыл теңіз жағасындағы Ходейда порты. Йемен, 27 қаңтар 2018 жыл.

Сауд Арабиясы мен оның одақтастары қолдауына сүйенген Йемен үкіметінің әскері Қызыл теңіз жағасындағы маңызды портты қала Ходейдадан Иран қолдайтын хуситтер тобын ығыстырып шығаруға әрекет жасап жатыр. Reuters агенттігі қазір қарсылас тараптардың Ходейда әуежайы маңында соғысып жатқаны туралы хабарлады. Үкімет әскері қаланы едәуір бөлігін қоршауға алған, екі жақтан да қаза тапқандар мен жараланғандар бар деп хабарланды.


Йеменде үкімет күштеріне қарсы соғысып жатқан хуситтер қолындағы аудандарға, соның ішінде ел астанасы Сана қаласына жүктер Ходейда порты арқылы келетіндіктен бұл қала аса маңызды роль атқарады. БҰҰ егер қарсы жақ қаланы басып алса, әлгі аудандар гуманитарлық жәрдемсіз қалуы мүмкін деп қауіптенеді. Хуситтерді қала үшін шайқасудан бас тартып, портты халықаралық бақылауға беруге көндіру мақсатымен сенбі күні Ходейдаға БҰҰ өкілі барған.

Йемендегі қарулы жанжал бірнеше жылдан бері жалғасып келеді. Халықаралық қауымдастық заңды билігін мойындаған үкіметке қарсы көтеріліс бастаған хуситтер ел астанасы Сана қаласын бақфылауында ұстап отыр. Жағалаудағы территорияның көп бөлігі үкімет күштерінің қолында.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG