Accessibility links

Ресей: Зейнетке шығу жасын ұлғайтуға миллион адам қарсы


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Ресейде зейнетке шығу жасын ұлғайтпау туралы талаппен билік атына жазылға петицияға бір миллионнан астам адам қол қойған. Құжатты саны жағынан осы елде екінші орында тұрған бүкілресейлік кәсіподақ бірлестігі – Ресей еңбек конфедерациясы change.org сайтында жариялаған болатын.

Ресейлік "Медуза" жаңалықтар сайтының хабарлауынша, петицияға үш күннің ішінде миллион адам қол қойып үлгерген.


Кәсіподақ өкілдері елде зейнетке шығу жасы ұлғайтылатын болса, "ресейліктердің ауқымды бөлігі зейнет жасына дейін өмір сүрмейді" деп мәлімдеген. Петиция авторлары зейнетақы қорындағы тапшылық проблемасын жұмыс орындарын ресми тіркеуден жасыратындарға қарсы күрес арқылы шешуді ұсынады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG