Accessibility links

Степногорскіде түрмеден қашқан тұтқынды ұстаған


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Ақмола облысы Степногорск қаласындағы қатаң тәртіптегі ЕЦ-165/18 мекемесінен қашып кеткен, ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған Е.Ж.Қасенов ұсталған. Бұл туралы Ақмола облыстық ішкі істер департаментіне сілтеме жасап жергілікті басылымдар хабарлады. Полицияның хабарлауынша, қашқын жексенбі күні сағат 19:30 кезінде Степногорск қаласында қолға түскен.

"Ұсталар алдында ол автотұрақ күзетшісін кепілге алды, бірақ полиция қызметкерлерінің дер кезінде қабылдаған шаралары арқасында кепілдегі адам босатылды. Арнайы операция кезінде ешкім зардап шеккен жоқ", - деген ІІД өкілінің сөзін келтірген Қазақпарат агенттігі.


Қылмыскердің түрмеден қашып кетуіне байланысты қызметтік тергеу жүріп жатқаны хабарланды.

Бұған дейін қазақстандық басылымдар ауыр қылмыс жасағаны үшін 24 жылға сотталып, Степногорскідегі ЕЦ-165/18 мекемесінде жазасын өтеп жатқан тұтқынның маусымның 17-інде түн мезгілінде қашып кеткені туралы хабарлаған болатын.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG