Accessibility links

Ресей еңбек конфедерациясы бейбіт митингіге дайындалып жатыр


Ресейдегі 2035 жылға дейін зейнетке шығатын адамдар мен жастардың арақатынасына жасалған болжам (Көрнекі сурет).
Ресейдегі 2035 жылға дейін зейнетке шығатын адамдар мен жастардың арақатынасына жасалған болжам (Көрнекі сурет).

Ресейде зейнетке шығу жасын ұлғайтуға қарсы петицияны дайындаған Ресей Еңбек конфедерациясының президенті Борис Кравченко бейбіт қарсылық акциясын өткізетінін мәлімдеді. РБК агенттігіне берген сұхбатында Кравченко петиция зейнетке шығу жасын ұлғайтуға қарсы кампанияның бір кезеңі ғана екенін айтты.

Ресей еңбек конфедерациясы келесі аптада зейнетке шығу жасын ұлғайтуға қарсы ұжымдық іс-қимыл жасайтын қоғамдық штаб құруды жоспарлап отыр. Штаб коалициясына кәсіподақтар, азаматтар, қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялар қосылмақ.

Борис Кравченко кәсіподақтар футболдан әлем біріншілігін өткізуге байланысты қойылған шектеулерге қайшы келмейтіндей "өз пікірі мен қарсылығын бейбіт түрде білдірудің кез-келген әдісін" пайдаланатынын айтты.

Ресей еңбек конфедерациясының Change.org сайтына ілген петициясына 17 маусым күні кешке дейін 1 миллион 270 мыңнан астам адам қол қойған. Үндеу авторлары 1,5 миллионнан астам қол жинаймыз деп үміттенеді.

Кәсіподақ өкілдері елде зейнетке шығу жасы ұлғайтылатын болса, "ресейліктердің ауқымды бөлігі зейнет жасына дейін өмір сүрмейді" деп мәлімдеген. Петиция авторлары зейнетақы қорындағы тапшылық проблемасын жұмыс орындарын ресми тіркеуден жасыратындармен күрес арқылы шешуді ұсынады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG