Accessibility links

Алматыда көп қабатты үй өртеніп, ондаған адам эвакуацияланды


Өрт сөндіру көлігі (Көрнекі сурет)
Өрт сөндіру көлігі (Көрнекі сурет)

Алматыда көпқабатты үйден өрт шығып, ондаған тұрғын эвкуацияланды. Ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитетінің хабарлауынша, өрттен ешкім жардап шеккен жоқ.

Жамбыл және Мұратбаев көшелерінің қиылысында орналасқан үйден шыққан өрт таңертеңгі сағат 9 шамасында сөндірілді. Үйдің 200 шаршы метрге жуық шатыры өртенді. Құтқарушылардың айтуынша, үйден 100 шақты адам, оның ішінде 20 бала шығарылды.

Қазақстанда үйлер мен халық көп жиналатын орындардағы өрт туралы ақпарат 25 наурызда Ресейдің Кемерово қаласында сауда орталығында өрт болып, 64 адам қаза тапқан оқиғадан соң ерекше назар аударта бастаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG