Accessibility links

Ел атауының өзгеруіне қарсы наразылық


Ел атауының өзгеруіне қарсы наразылық
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:47 0:00

Македония астанасы Скопьеде жексенбі күні ел атауының өзгеруіне наразы адамдар қарсылық білдірді. Парламент үйі алдындағы акцияда полициямен қақтығыс болды. Бірнеше адам жарақат алып, ондаған адамды полиция ұстады. Кеше Македония сыртқы істер министрі Никола Димитров пен Грекия сыртқы істер министрі Никос Коциея бұрынғы югославиялық республиканың жаңарған атауына қатысты тарихи келісімге қол қойған еді. Қол қою рәсіміне Македония премьер-министрі Зоран Заев пен оның грекиялық әріптесі Алексис Ципрас, сонымен бірге БҰҰ-нан араағайындық еткен Мэтью Ниметц пен еуропалық ресми тұлғалар да қатысқан. Скопье мен Афина арасында 27 жылға созылған дауды аяқтауды мақсат еткен келісімге сәйкес, Македония бұдан былай "Солтүстік Македония республикасы" деп аталатын болды. Бұл келісімді екі елдің парламенттері мақұлдағаннан кейін Македонияда референдум өтеді деп хабарланған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG