Accessibility links

Бендицкий мұрагерлерінің ісі сотында ҰҚК өкілдері жауап бермек


Арман Оразбаев, былтыр қайтыс болған журналист Геннадий Бендицкийдің мұрагерлері мүддесін қорғайтын адвокат. Алматы, 18 маусым 2018 жыл.
Арман Оразбаев, былтыр қайтыс болған журналист Геннадий Бендицкийдің мұрагерлері мүддесін қорғайтын адвокат. Алматы, 18 маусым 2018 жыл.

Алматының Әуезов аудандық соты журналист Геннадий Бендицкийдің мұрагерлері - ұлы Олег Бендицкий мен кәмелетке толмаған Екатерина Бендицкаяның Ақпарат және коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінің шешімі мен іс-әрекетіне берген шағымын алдын ала тыңдау басталды. Тыңдауда Әуезов аудандық сотының азаматтық істер бойынша судьясы Гүлжан Имансерікова шағымданушылардың адвокаты Арман Оразбаевтың келесі сот отырысына Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) мемлекеттік-текникалық қызметі мамандарын жауап беруге шақырту туралы өтінішін мақұлдады. ҰҚК мамандары Ratel.kz интернет-ресурсы орналасқан аппарат-бағдарламалық кешен Қазақстан аумағынан тыс жерде орналасқан деген қорытынды жасаған.

28 мамырда Бостандық аудандық соты Ratel.kz сайтының жұмысын тоқтату туралы шешім шығарған азаматтық сот процесіне Геннадий Бендицкийдің мұрагерлері өз бетімен талап-арыз білдіре алатын үшінші тарап ретінде қатысқан. 19 сәуірдегі сот процесінде содан бір күн бұрын ақпарат комитетінің Ratel.kz сараптамалық интернет порталын" тіркеуге қою жөніндегі куәліктің күші жойылғаны туралы" бұйрық шығарғаны белгілі болған. Бұйрық ҰҚК мемлекеттік-техникалық қызметі мамандарының жоғарыда аталған қорытындысы негіз болған.

Бендицкийдің мұрагерлері ақпарат және коммуникация министрлігі ақпарат комитетінің бұл бұйрығын заңсыз деп танып, Әуезов аудандық сотына оны жою туралы арыз түсірген.

Бүгінгі сот отырысына адвокат Оразбаевадан басқа прокурор Әсел Есмиратова мен ақпарат комитетінің өкілдері Асылбек Досбергенов және Дамир Қожанов қатысты.

Бүгін жауап беруші тарап ақпарат комитетінің өкілдері де Бендицкий мұрагерлерінің арызын қанағаттандырмау туралы өтініш білдірді. Прокурор Әсел Есмиратова ол өтінішті қолдады. Шағымданушылардың адвокаты Арман Оразбеков жауапкер тараптың өтінішін қанағаттандыруға қарсы шықты. Судья Гүлжан Имансерікова бұл өтінішті 2 шілдедегі сот отырысында қарайтынын мәлімдеді.

Судья Имансерікова жауапкер тарапқа 26 маусымға дейін сотқа шағымданушы тараптың арызын қайтару туралы өтінішті жазбаша түрде, дәлелімен қосып алып келуді ескертті.

Медеу аудандық соты 28 мамыр күні қалалық прокуратураның Ratel.kz интернет-порталының бас редакторы Марат Әсіповке қарсы шағымын қанағаттандырған. Прокуратура шағымында "Ratel.kz сараптамалық интернет-порталының" қызметін тоқтатуды, оны тіркеуді жоюды және Ratel.kz пен Balborsyk.kz домендерін пайдалануына бір жыл тыйым салуды сұраған. Прокуратураның айтуынша, былтыр желтоқсанда доменнің иесі Геннадий Бендицкий қайтыс болғаннан кейін редакция материалдарды Ratel.kz доменін пайдаланып, бірақ тіркелушінің есептік деректерін өзгертпей жариялай берген.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда "баспасөз еркіндігі" нашарлаған

Сот шешімімен Марат Әсіповтің БАҚ-та және Ratel.kz, Balborsyk.kz, wildratel.com, itau.kz және басқа да домендік атауларда "Ratel.kz" интернет-порталы атынан ақпараттық материалдар жариялап, таратуына да тыйым салынды.

Марат Әсіпов бұл сот шешіміне байланысты кейбір мемлекеттік шенеуніктер интернет-портал мен өзін әлдебір адамдардың мүддесі үшін жүйелі түрде қуғынға ұшыратып отыр деп долбарлайды. Ол сот шешіміне апелляциялық шағым түсіретінін айтады.

  • 16x9 Image

    Қазис ТОҒЫЗБАЕВ

    Қазис Тоғызбаев 2008 жылғы қыркүйектен бастап өмірінің соңына, яғни 2021 жылғы 28 ақпанға дейін Азаттықтың Алматыдағы тілшісі ретінде еңбек етті. Азаттыққа дейін оппозициялық "Сөз" және "Азат" газеттерінде, kub.info сайтында тілші болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG