Accessibility links

Сауалнама: Путинді қолдайтын ресейліктер саны азайды


Владимир Путин, Ресей президенті.
Владимир Путин, Ресей президенті.

Ресейліктердің жартысынан астамы (51 пайыз) Владимир Путиннің 2024 жылдан кейін де билікте отырғанын қалайды деп хабарлады "Левада-центр" орталығына сілтеме жасаған ресейлік "Коммерсантъ" басылымы. Ұйым жүргізген сауалнама бойынша, ресейліктердің 27 пайызы Путиннің 2024 жылдан кейін билікте болғанын қаламайды.

Басылымның жазуынша, былтыр тамызда ресейліктердің 67 пайызы "Путинді 2018 жылы өкілетті мерзімі аяқталған соң мемлекет басшысы ретінде көргіңіз келе ме?" деген сұраққа "иә" деп жауап берген.

"Левада-центр" орталығының мәліметінше, соңғы жылда елде ауқымды өзгерістер жасалғанын қалайтын ресейліктер саны 42 пайыздан 57 пайызға дейін ұлғайған.


Мамырдың ортасында Мемлекетік думаға Шешенстан парламенті дайындаған Ресей президентіне қатарынан үш мерзімге сайлану құқығын беру туралы заң жобасы түскен. Бұған дейін Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров әзірге Владимир Путиннің "денсаулығы жақсы" екенін, жаңа президент туралы ойлаудың қажеті жоғын мәлімдеген.

7 мамырда Владимир Путин төртінші рет Ресей президенті қызметіне кіріскен.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG