Accessibility links

Оңтүстік Қазақстан Түркістан облысы болып қайта құрылды

Түркістан қаласының көрінісі. 2 маусым 2018 жыл
Түркістан қаласының көрінісі. 2 маусым 2018 жыл

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Қазақстан облысын Түркістан облысы деп қайта құру туралы жарлық шығарды. Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Назарбаев "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы" заңының 3-бабы 1-бөліміне сай Түркістан облысының орталығы Түркістан қаласы болатыны, ал халқының саны миллионға жеткен Шымкент қаласына республикалық маңызы бар қала мәртебесі берілгені туралы жарлығын жариялады.

Президенттің айтуынша, Астана мен Алматы қалалары сияқты ресубликалық маңызы бар қала мәртебесін алған Шымкент әкімшілік бірлігі елдегі он жетінші аймақ болады.

Назарбаев Түркістан қаласында жаңа әкімшілік функцияларды сапалы түрде жүзеге асыратын барлық мүмкіндік барын айтып, қабылдаған шешімінің тарихи мәні барын мәлімдеді.

Оқи отырыңыз: Облыс орталығы болар Түркістандағы қазіргі өмір

5 маусымда Оңтүстік Қазақстан облысының мәслихаты облыс орталығын Шымкенттен 262 мың тұрғыны бар Түркістанға көшіру туралы және Шымкент қаласына республикалық маңызы бар қала мәртебесін беру туралы ұсынысты мақұлдап, үкіметке жолдаған.

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері тұңғыш рет облыс орталығы халқының саны миллионға жетіп, ерекше мәртебе беріліп отыр.

Түркістаннның түрлі келбеті

Қожа Ахмет Яссауи кесенесі алдындағы туристер мініп көруге арналған түйе
1/24 Қожа Ахмет Яссауи кесенесі алдындағы туристер мініп көруге арналған түйе
Түгел оқыңыз Қысқарту
Қожа Ахмет Яссауи кесенесі маңындағы үйлер
2/24 Қожа Ахмет Яссауи кесенесі маңындағы үйлер
Түгел оқыңыз Қысқарту
Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің қабырғасын ұстап тәу етіп тұрған адамдар
3/24 Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің қабырғасын ұстап тәу етіп тұрған адамдар
Түгел оқыңыз Қысқарту
Кесене аумағындағы сувенир сататын дүкендер қатары
4/24 Кесене аумағындағы сувенир сататын дүкендер қатары
Түгел оқыңыз Қысқарту
Кесене маңындағы сувенир сататын дүкендердің бірінде тұрған адамдар
5/24 Кесене маңындағы сувенир сататын дүкендердің бірінде тұрған адамдар
Түгел оқыңыз Қысқарту
Шетелдік туристердің бір тобы
6/24 Шетелдік туристердің бір тобы
Түгел оқыңыз Қысқарту
Түркістандағы қонақ үйлердің бірі
7/24 Түркістандағы қонақ үйлердің бірі
Түгел оқыңыз Қысқарту
Қонақ үйлердің бірі
8/24 Қонақ үйлердің бірі
Түгел оқыңыз Қысқарту
Кесене аумағын тазалап жүрген адам
9/24 Кесене аумағын тазалап жүрген адам
Түгел оқыңыз Қысқарту
2015 жылы кесене маңында салынған "Түркістан Ахмет Ясауи" мешіті
10/24 2015 жылы кесене маңында салынған "Түркістан Ахмет Ясауи" мешіті
Түгел оқыңыз Қысқарту
Кесене аумағындағы музей
11/24 Кесене аумағындағы музей
Түгел оқыңыз Қысқарту
Театр афишасы
12/24 Театр афишасы
Түгел оқыңыз Қысқарту
Автобус аялдамасы
13/24 Автобус аялдамасы
Түгел оқыңыз Қысқарту
Автобустардың жүру кестесі көрсетілген аялдамадағы тақта
14/24 Автобустардың жүру кестесі көрсетілген аялдамадағы тақта
Түгел оқыңыз Қысқарту
Арықтағы қоқыс
15/24 Арықтағы қоқыс
Түгел оқыңыз Қысқарту
Қоқыс тастамауға үндеген ескертпе
16/24 Қоқыс тастамауға үндеген ескертпе
Түгел оқыңыз Қысқарту
Базардың сыртқы көрінісі
17/24 Базардың сыртқы көрінісі
Түгел оқыңыз Қысқарту
Базар маңында арба сүйреп жүрген адамдар
18/24 Базар маңында арба сүйреп жүрген адамдар
Түгел оқыңыз Қысқарту
Түркістан базарында
19/24 Түркістан базарында
Түгел оқыңыз Қысқарту
Асфальт төселмеген шеткері көше
20/24 Асфальт төселмеген шеткері көше
Түгел оқыңыз Қысқарту
Түркістан көшелерінің бірі
21/24 Түркістан көшелерінің бірі
Түгел оқыңыз Қысқарту
Совет уақытында салынған көпқабатты үйлердің бірі
22/24 Совет уақытында салынған көпқабатты үйлердің бірі
Түгел оқыңыз Қысқарту
Ықшам аудандағы жаңа үйлер
23/24 Ықшам аудандағы жаңа үйлер
Түгел оқыңыз Қысқарту
Жаңадан салынған үйлер
24/24 Жаңадан салынған үйлер
Түгел оқыңыз Қысқарту
Previous slide
Next slide

XS
SM
MD
LG