Accessibility links

ДСҰ ойын құмарлықты аурулар тізіміне қосты


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДСҰ) ойын құмарлықты халықаралық аурулар классификациясына қосты.

18 маусымда ДСҰ Халықыралық аурулар классификациясының 11-шығарылымын жариялады. Бұл құжат 2022 жылы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енеді.

Ұйымның дерегінше, ойынға құмарлық жеке және отбасылық өмірге теріс әсер етіп, жұмысқа қабілеттілікті және әлеуметтік жағдайды нашарлатады. Егер 12 айдың ішінде осы белгілер байқалса "ойынға тәуелділік" диагнозы қойылады.

Ұйымның жазуынша, ойын құмарлық өмірдегі басқа құндылықтарға деген көзқарасты жояды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG