Accessibility links

Астана соты белсенді шағымын қанағаттандырмады


Астаналық белсенді Қайырлы Омар.
Астаналық белсенді Қайырлы Омар.

Астана қалалық сотының судьясы Мәдениет Омарбекова белсенді Қайырлы Омардың Астана әкімшілік соты шығарған үкімге қарсы шағымын қарап, шешімді сол күйі қалдырды деп хабарлады Азаттық тілшісі.
Мамырдың 11-і күні әкімшілік сот Қайырлы Омарды "полицияға бағынбады" деген айыппен үш күн абақтыға қамаған.

21 маусымда өткен отырысқа Қайырлы Омардың он шақты жақтасы, екі заңды өкілі және мемлекет тағайындаған адвокаты мен прокурор Игілік Бәденов қатысты. Судья Омарбекова залға журналистерді кіргізгенімен, фото және видео түсіруге тыйым салды.

Мемлекеттік айыптау пайымынша, жазасын өтеп үлгерген Омар мамырдың 10-ында Астанада полиция учаскесінде полицияның бұйырығына бағынбаған. Қайырлы Омар ол күні болған митинг кезінде ұсталған белсенділердің жағдайын білу үшін учаскеге келгенін, полицейлер "аты-жөні, лауазымын атамастан" учаске есігінің алдынан өзін "күштеп" алып кеткенін айтты.

Мамырдың 10-ы күні Астанада Еуропа елдері елшіліктері орналасқан ғимарат алдына ондаған адам жиналып, саяси тұтқындарды босатуды талап еткен еді. Полиция ондаған белсендіні ұстап, әкімшілік жазаға тартқан.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Астанада наразылық акциясында ондаған адамды полиция ұстады

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG