Accessibility links

Мәскеуде зейнетақы реформасына қарсы митинг өткізуге рұқсат бермеді


Полиция зейнетақы реформасына қарсы акция өткізген "Яблоко" партиясы Мәскеу филиалының басшысы Дмитрий Митрохинді ұстап әкетіп барады. Мәскеу, 19 маусым 2018 жыл.
Полиция зейнетақы реформасына қарсы акция өткізген "Яблоко" партиясы Мәскеу филиалының басшысы Дмитрий Митрохинді ұстап әкетіп барады. Мәскеу, 19 маусым 2018 жыл.

Мәскеу мэриясы оппозицияның шілденің басында зейнетақы реформасына қарсы митинг өткізуіне рұқсат беруден бас тартты. "Интерфакс" агенттігінің хабарлауынша, Мәскеу билігі футболдан әлем біріншілігі өтіп жатқанына және туристердің көптеп келуіне байланысты митинг өткізуге рұқсат бере алмайтынын мәлімдеген.

Ресейде футболдан әлем біріншілігі өтіп жатқан уақытта көпшілік шара мен акция ұйымдастырудың ерекше тәртібі енгізілген. Біріншілік кезінде жиын өткізу үшін құқық қорғау органдарының келісімін алу керек.

16 маусымда үкімет Мемлекеттік думаға Ресейде зейнетке шығу жасын ерлер үшін 60-тан 65-ке, әйелдер үшін 55-тен 63-ке ұлғайтуды ұсынған. Өзгерісті 2019 жылдан бастап кезең-кезеңімен іске асыру жоспарланып отыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG