Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Түркістан қаласының әкімі қылып Әліпбек Өсербаевты тағайындады. Әліпбек Өсербаев бұған дейін Түркістан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.
Маусымның 20-ы күні Түркістан облысы және Шымкент қаласының әкімдігінде премьер-министр Бақытжан Сағынтаев облыс әкімі етіп Жансейіт Түймебаевты, қала әкімі етіп Ғабидолла Әбдіраxымовты тағайындаған.
19 маусымда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Қазақстан облысын Түркістан облысы деп қайта құру туралы жарлық шығарды. Ақорда баспасөз қызметі Назарбаев "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы" заңының 3-бабы 1-бөліміне сай Түркістан облысының орталығы Түркістан қаласы болатыны, ал халқының саны миллионға жеткен Шымкент қаласына республикалық маңызы бар қала мәртебесі берілгені туралы жарлығын жариялағанын xабарлады.
Оқи отырыңыз: Түркістан халқының реакциясы қандай?
Назарбаев Түркістан қаласында жаңа әкімшілік функцияларды сапалы түрде жүзеге асыратын барлық мүмкіндік барын айтып, қабылдаған шешімінің тарихи мәні барын мәлімдеген.
ПІКІРЛЕР