Accessibility links

Қазақстаннан шетелге шығуға салынған тыйымды жою мерзімі белгіленді


Марат Бекетаев, Қазақстан әділет министрі.
Марат Бекетаев, Қазақстан әділет министрі.

Қазақстанда ел аумағынан шығуға салынған тыйымды үш күнде жою тәртібі енгізілді. Әділет министрі Марат Бекетаевтың халыққа есеп беру кездесуінде айтуынша, енді сот орындаушысы қазақстандықтар қарызын төлегеннен бастап үш күн ішінде олардың елден шығуына салынған тыйымды жоюға міндетті болады.

"Өз білгенінше жұмыс істейтін сот орындаушыларының өкілеттігін қысқарту үшін, елден шығуға салынған тыйымды жоюдың үш күндік мерзімі белгіленді. Барлық қарызы төленген, бірақ елден шығу тыйымы бірнеше апта жойылмаған жағдайлар да болған. Қазір бұл мерзім заңмен үш күн деп белгіленді. Бұл мерзімнен кейін сот орындаушысына қатысты санкция салынуы мүмкін" деді министр.

Бекетаевтың айтуынша, бұдан былай "сот орындаушылары борышкерге қатысты атқару өндірісін қозғаған кезде оған жасап жатқан шаралары туралы ескертіп отырады". Қабылданған заң сонымен қатар борышкердің мүлкін тәркілеген немесе оны өндірушіге берген сот орындаушысының басқа сот орындаушыларының мүлікке салған бұғатын жоюына құқық береді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG