Accessibility links

СІМ басшысы: Тоқаевтың сұхбаты сауатты шықты


Қайрат Әбдірахманов, Қазақстан сыртқы істер министрі.
Қайрат Әбдірахманов, Қазақстан сыртқы істер министрі.

Қазақстан сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың британдық BBC медиакорпорациясына берген сұхбатын "Қазақстандағы ең жоғары лауазымды адам берген ең ауыр сұхбат" деп атады.

Әбдірахмановтың пікірінше, Тоқаевтың Hard Talk бағдарламасына шығуы "Қазақстанның ашықтығын көрсетеді" және ол "өте кәсіби әрі сауатты" берілген. "Ол (сұхбат - ред.) қазақстандық демократияның ең ауыр сауалдарға жауап дайын болуды талап ететін жаңа кезеңге өткенін айшықтайды", - делінген Қайрат Әбдірахмановтың 22 маусымда берген комментариінде. "Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстаның табысқа жетуіндегі рөлін, елбасы қалыптастырған модельдің әлі де өміршең екенін түсінікті етіп көрсетті" дейді министр. Қазақстанда президент Нұрсұлтан Назарбаевты заңмен бекітілген "ұлт көшбасшысы" атағы бойынша "елбасы" деп атайды.

20 маусымда BBC сайтында Тоқаевтың Hard Talk бағдарламасына берген сұхбаты жарияланған. Онда Тоқаев Қазақстандағы саяси құрылым туралы айтып, халықаралық ұйымдардың Астанаға қарата айтқан сынымен келіспейтінін білдірген. Сенат төрағасы Назарбаев 2020 жылы өтетін сайлауға түспеуі мүмкін және сайлау басқа кандидаттармен өтуі ықтимал деген пікір білдірген. Бірақ ол ықтимал кандидаттардың атын атамаған. Ол сонымен қатар егер Назарбаев президент қызметінен кеткен жағдайда да, елдің ішкі және сыртқы саясатына ықпал ете беретінін айтқан.

Оқи отырыңыз: "Назарбаев 2020 жылы сайлауға түседі деп ойламаймын"

Сұхбат жарияланған күннің ертеңінде Астанада парламент жиынының арасында Тоқаев журналистерге Назарбаев сайлауға түсу, я түспеу туралы шешімді "өзі қабылдайтынын" мәлімдеген. Ол өзінің Назарбаевты "дана, өте ақылды адам және ұлы жетекші" деп атаған сөзін сұхбаттан қиып тастағанын жеткізген.

Видео: Қасым-Жомарт Тоқаев ВВС-дегі сұхбатына түсінік берді

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG