Accessibility links

БҰҰ-да Приднестровье жайлы қарарға дауыс бергенде Қазақстан қалыс қалды


БҰҰ-да Ресейді Молдованың сепаратистік аймағынан әскерін шығаруға шақырған қарар жобасына дауыс беру. Нью-Йорк, 22 маусым 2018 жыл.
БҰҰ-да Ресейді Молдованың сепаратистік аймағынан әскерін шығаруға шақырған қарар жобасына дауыс беру. Нью-Йорк, 22 маусым 2018 жыл.

БҰҰ Бас Ассамблеясы Ұлыбритания, Молдова, Грузия, Украина және тағы жеті елдің Ресейді Молдованың сепаратистік аймағынан әскерін шығаруға шақырған үндеуіне қолдау білдірді.

Приднестровьеден ресейлік әскерилерді шығару туралы талап айтылған қарар бойынша дауыс беруге қатысқан 193 мемлекеттің 64-і оған қолдау білдірген, 15 ел қарсылық білдіріп, 83-і қалыс қалған.

БҰҰ-да Ресейді Молдованың сепаратистік аймағынан әскерін шығаруға шақырған қарар жобасына дауыс берудің қорытындысы.
БҰҰ-да Ресейді Молдованың сепаратистік аймағынан әскерін шығаруға шақырған қарар жобасына дауыс берудің қорытындысы.

БҰҰ Бас Ассамблеясы қарары орындауға міндетті құжатқа жатпағанымен саяси салмағы жағынан маңызға ие. Құжатта Мәскеуді "Молдова территориясындағы ресейлік әскери жедел топ пен қару-жарақты реттеп шығаруды еш ескертусіз және бұдан ары кешеуілдетпей аяқтауға" шақырған. Сонымен бірге қарарда Приднестровье аймағынан ресейлік әскерді шығару мәселесін Бас Ассамблеяның келесі сессиясының күн тәртібіне енгізу туралы талап айтылған.

Канада, Латвия, Литва, Румыния, Эстония мен Чехия қарарды қолдап, Ресей, Иран, Армения, Беларусь, Сирия мен Солтүстік Корея қарарға қарсы дауыс берген. Ал қалыс қалғандардың арасында Қазақстан да бар.


БҰҰ-дағы Ресей елшісінің өкілі Дмитрий Полянский бұл дауыс беру Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Молдовадағы жанжалды реттеуге бағытталған іс-әрекетіне зиян тигізеді деп мәлімдеген.

Ресей өкілі қарар жобасын талқылауға көбірек уақыт беру үшін дауыс беруді кейінге ысыруды сұраған. Бірақ оның өтініші қанағаттандырылмаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG