Accessibility links

Макрон ЕО-да мигрант қабылдау орталықтарын құруды ұсынды


Франция президенті Эммануэль Макрон.
Франция президенті Эммануэль Макрон.

Франция президенті Эммануэль Макрон Еуропа аумағындағы мигранттарды қабылдауға арналған "жабық" орталықтар желісін құруды ұсынды. Ол бұл туралы сенбі күні Парижде Испания премьер-министрі Педро Санчеспен бірге өткізген баспасөз мәслихатында мәлімдеген.

Осыдан біраз уақыт бұрын Италия мен Мальта Судан, Наргерия мен Эритреядан шыққан 600-ден астам мигрант (арасында кәмелетке толмаған 140 бала мен алты жүкті әйел бар) отырған кемені өз порттарына кіргізуден бас тартқан. Кемені Испания қабылдауға келіскен.

Испания премьер-министрімен бірге Франция президенті босқын тиеген кемелер келетін елдер аумағында мигранттардың жеке істерін сұрыптап, кейін оларды еуропалық мемлекеттерге бөліп орналастырумен айналысатын ұйымдар желісін құруды ұсынды. Қазір мұндай шаруамен айналысатын ұйымдар жоқ. Тек БҰҰ Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасының Грекия мен Италиядағы бірнеше қабылдау орындары ғана жұмыс істейді.


Макрон босқындарды қабылдаудан бас тартқан Еуропа Одағына мүше елдерге қатысты қаржы санкцияларын енгізу туралы ұсынысты қолдады. Оның сөзінше, "Еуроодақ қолдауына ие болып отырған елдер көші-қон саясаты туралы сөз болғанда ұлттық эгоизм танытпауы тиіс".

Бұған дейін Еурокомиссия басшысы Жан-Клод Юнкер маусымның 24-і күні Еуропа Одағы лидерлерінің кездесуінде көші-қон саясатына қатысты мәселелер талқыланатыны туралы хабарлаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG