Accessibility links

АҚШ-тың "Азаматтық еркіндік одағы" Трампты сынады


Дональд Трамп, АҚШ президенті.
Дональд Трамп, АҚШ президенті.

АҚШ-тағы "Азаматтық еркіндік одағы" президент Дональд Трамптың заңсыз мигранттарды сотсыз депортациялауға шақырған мәлімдемесін сынады. Одақ мұндай қадам АҚШ конституциясына қайшы келетінін айтады.

"Президент Трамптың ұсынғаны заңсыз әрі конституцияға қайшы. Ант қабылдап, конституция мен заңды сақтауға уәде берген ресми тұлға антынан апелляциясыз бас тарта алмайды" делінген одақ мәлімдемесінде.

АҚШ-та көп жылдан бері заңсыз келген иммигранттардың ісі сотта қаралып жүр. Трамптың бұл құқықтық тәжірибені тоқтату ұсынысына АҚШ Конгресі қатты қарсылық танытуы мүмкін.

Осы аптада Конгресстің республикашылдар бақылайтын Өкілдер палатасында иммиграциялық саясатты кешенді түрде реформалау бойынша дауыс беру өтеді. "Америка дауысы" радиосының хабарлауынша, өткен аптада қаралған реформаның анағұрлым қатаң нұсқасы жеткілікті дауыс жинай алмаған.

АҚШ қорғаныс министрі Джим Мэттис Қытайға сапарлап бара жатқан жолында журналистерге Пентагон екі әскери базада иммигранттарға уақытша баспана салу үшін Ішкі қауіпсіздік минитсрлігімен тығыз жұмыс істейтінін айтқан. Бірақ Мэттис нақты қандай базада уақытша тұрақ салынатынын айтпады.

Ішкі қауіпсіздік министрлігі шекарада ата-анасынан ажыратылған 2053 баланың қайда екенін білетінін, қазір оларды ата-анасына қосу жұмыстары істеліп жатқанын хабарлаған. Ведомствоның 24 маусымда хабарлауынша, 522 бала ендігі ата-анасына қосылған, ал көпшілігі басқа отбасылармен өздеріне босқын мәртебесін беру туралы сот тыңдауын күтіп жатыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG