Accessibility links

Бішкек экс-мэрін қамау мерзімі ұзартылды


Кубанычбек Кулматов, Бішкектің экс-мэрі.

Бішкектің Первомай аудандық соты Бішкектің бұрынғы мэрі Кубанычбек Кулматовты қамауда ұстау мерзімін ұзартты. Бұл жайында Қырғызстан Жоғарғы соты хабарлады.

Бұған дейін Кулматовтың адвокаты Сергей Слесарев оның 28 маусымға дейін қамауға алынғанын хабарлаған еді. Бірақ Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті (ҰҚМК) 5 маусымда Кулматов екі айға қамалғанын хабарлаған.

18 маусымда Кулматов сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке ілініп, үйінде тіну жүргізілген, мүлкіне арест салынған.

Тергеу болжамынша, Кулматов 2014 жылы Бішкек мэрі болып тұрғанында Бішкек жылу-электр станциясын модернизациялау жобасы аясында қытайлық TBEA компаниясы аймақта екі мектеп салуға грант ретінде бөлген екі миллион доллар қаржыны заңсыз жұмсаған.

Оқи отырыңыз: Атамбаев серіктерін қамауды "кек алу" деп атады

Маусымда Кулматовтың үстінен "шекараны заңсыз кесіп өту", "мемлекеттік құжат, награда, мөр және бланкілерді қолдан жасау, өткізу немесе пайдалану" айыптары бойынша екінші іс қозғалған. Тергеушілер Кулматов 1996 жылы Ресей азаматы бола тұрып, Қырғызстан азаматтығын заңсыз алғанын айтады.

Кулматовтың өзі тағылған айыптармен келіспейді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG