Accessibility links

БАҚ: Ұлыбритания билігі Солсберидегі Скрипальдің үйін сатып алады


Солсберидегі Сергей Скрипаль тұрған үйді тексеріп жүрген полицейлер. Ұлыбритания, 3 сәуір 2018 жыл.
Солсберидегі Сергей Скрипаль тұрған үйді тексеріп жүрген полицейлер. Ұлыбритания, 3 сәуір 2018 жыл.

Ұлыбритания билігі Солсберидегі Ресей Сыртқы барлау қызметінің бұрынғы агенті Сергей Скрипаль мен полиция қызметкері Ник Бейли тұрған үйлерді өзіне сатып алады деп хабарлады өз дереккөзіне сілтеме жасаған Times газеті. Скрипаль мен Бейли биыл көктемде жүйке жүйесін зақымдайтын қауіпті заттан уланған.

Басылым Скрипаль мен Бейли уланған заттан олар тұрған үйлердің тұруға жарамсыз болғанын айтады. Бұған өзге, британия үкіметі зардап шеккендердің көліктері мен басқа да заттарын сатып алады. Сатып алу келісімінің жалпы құны бір миллион фунт-стерлингке жетеді. Дүние-мүлік салық төлеушілер есебінен сатып алынады.

Бұған дейін Скрипаль ісін тергеуге 7,5 миллион фунт-стерлинг жұмсалғаны хабарланған.

Наурыздың 4-і күні Солсбери қаласында Сергей Скрипаль мен оның қызы Юлия Скрипаль ес-түссіз күйде табылған еді. Екеуі біраз уақыт ауруханада естерін жимай жатты. Кейінірек жағдайлары тәуір болып, ауруханадан шықты. Қазіргі кезде Скрипальдардың қай жақта екені белгісіз.

Лондон олардың совет ғалымдары жасап шығарған "Новичок" атты жүйкені зақымдайтын заттан уланғаны туралы мәлімдеген. Британдық арнайы қызмет өкілдері әлгі у Ресейде шыққан деген болжам жасаған. Мәскеу мұны жоққа шығарады.

Әкелі-балалы Скрипальдерге қарсы қастандық Батыс елдері мен Ресей арасындағы қарым-қатынасты нашарлатып жіберді. Шамамен 30 ел Ұлыбританияға ынтымақтастық белгісі ретінде Ресей дипломаттарын еліне қайтарған. Ресей де оған жауап ретінде батыс дипломаттарын өз аумағынан шығарған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG