Accessibility links

Астананы азаптау шағымдарын шынайы тексеруге шақырды


Көрнеуі сурет.
Көрнеуі сурет.

Халықаралық азаптау құрбандарын қолдау күні бірнеше құқық қорғау ұйымы Орталық Азия елдерін, оның шінде Қазақстан басшылығын азаптауды жоюға күш салуға шақырды. 26 маусымда Орталық Азия елдері азаптауға қарсы үкіметтік емес ұйымдарының (ҮЕҰ) коалициясы мен Еуропаның бірқатар ҮЕҰ бірлескен мәлімдеме таратты.

Мәлімдемеде соңғы уақытта Астананың азаптаумен күрсте бірқатар оң шаралар жасағаны айтылады. Мысалы, былтыр жыл басында Қазақстан Бас прокуратурасы азаптаумен күрес жоспарын қабылдаған. Бірақ мәлімдеме авторлар азаптау мен тұтқынға қатыгездікпен қарау кең таралғанын, ал азаптауды жасағандардың жазаланбай қалуы "қалыпты жағдайға айналғанын" айтады.

Ресми статистика бойынша, 2018 жылдың қаңтарынан сәуірге дейін азаптау бойынша 173 іс жабылған (былтырғы жылдардың ісін қоса алғанда), тек тоғыз іс сотқа жеткен. Құқық қорғаушылар мемлекет өздерінің азапталғаны туралы мәлімдеген тұтқындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етпейтінін айтады

ҮЕҰ коалициясы Қазақстан билігіне азаптау туралы барлық шағымды тіркеуге, азаптау туралы шағымданған адамдарға қысым көрсетуді тоқтатуға, азаптау шағымдарын шынайы және кәсіби түрде тергеуді қамтамасыз етуге және азаптау құрбандары мен куәгерлерінің қауіпсіздігіне кепілдік беруге шақырады.

Құқық қорғаушылар мәлімдемесінде Орталық Азияның өзге елдеріндегі жағдайдың да нашар екені айтылады. Мәлімдемеде авторлары аймақ елдерін азаптауды доғарып, өзіне алған халықаралық міндеттемелерін орындауға дайын болуға шақырады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG