Алматы шетіндегі Қайрат ықшамауданында қойма өртеніп жатыр деп хабарлады қалалық төтенше жағдайлар департаменті.
Ресми мәлімет бойынша, өрт 28 маусым күні таңғы сағат 6-да шыққан. Департаменттің ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетованың айтуынша, алдын ала есеп бойынша ангар типінде салынған қойманың 3 мың шаршы метр аумағы өртеніп жатыр. Өртті сөндіруге 75 адам және 20 техника және тікұшақ тартылған.
ПІКІРЛЕР