Accessibility links

Алматы шетінде бірнеше қойма өртенді


Алматы шетіндегі Қайрат ықшамауданында өртенген қоймалар. Алматы, 28 маусым 2018 жыл.
Алматы шетіндегі Қайрат ықшамауданында өртенген қоймалар. Алматы, 28 маусым 2018 жыл.

Алматы шетіндегі Қайрат ықшамуданында бірнеше қойма өртеніп кетті деп хабарлады қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Сандуғаш Баймұхамбетова.

Өрт бүгін таңғы сағат 6-да шыққан. Өртті сөндіруге 75 өрт сөндіруші, 20 техника мен бір тікұшақ жұмылдырылды.

Баймұхамбетованың Азаттық тілшісіне айтуынша, ангар типінде салынған 13 қойманың тоғызы өртенген. Қоймалардың жалпы аумағы 17 мың шаршы метрді құрайды. Өртенген жер аумағы нақты қанша екені әзірге белгісіз. Департамент өкілі қоймада нақты қандай заттар болғанын айта алмады. Өрт орнында қойма басшылығы, я өкілдері байқалмайды.

Сандуғаш Баймұхамбетова өрттің неден шыққаны анықталып жатқанын айтады.

Өрт орнынан сыртқа қарай сүтке ұқсас, ақшыл сұйықтық ағып жатыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG