Accessibility links

Псковта зейнетақы реформасына қарсы митинг өтті


Псковта Ресейдегі зейнетақы реформасына қарсы өткен митинг. Псков облысы, 28 маусым 2018 жыл
Псковта Ресейдегі зейнетақы реформасына қарсы өткен митинг. Псков облысы, 28 маусым 2018 жыл

Ресейдің Псков қаласында Псков облыстық кәсіподақтар кеңесі 28 маусымда зейнетке шығу жасын ұлғайтуға қарсы митинг өткізді. Орталық паркте өткен митингіге 700-ге тарта адам жиналды. Псков кәсіпорындарының өкілдеріне Ресей коммунистік партиясы мен "Яблоко" партиясының белсенділері де қосылды.

"Біз аймақтық кәсіпорындарды жалақы, табыс көлемі, азаматтардың денсаулығы тұрғысынан бағамдадық және зейнетақы реформасы туралы заң жобасының концепциясы мүлдем жалған тұжырымдар мен тезистерге құрылғанын ұқтық. Біздің табысымыз өспейді, денсаулығымыз жақсармайды және тұрғындардың өмір сүру жасы ұлғайып отырған жоқ" деп мәлімдеді кәсіподақ кеңесінің басшысы Уильяна Михайлова.

Митингіде қабылданған қарарда президентті "халыққа қарсы әрекет жасап отырған үкіметті отставкаға жіберуге" және зейнетақы реформасы туралы заң жобасын кері қайтаруға шақырған үндеу бар.

Митингіде Ресей президенті Владимир Путиннің атына сын айтылмады.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG