Accessibility links

Ұлттық домбыра күні туған сәбиге ұлттық аспап сыйлады


Ұлттық домбыра күні өмірге сәби әкелген жас ана Данагүл Қалиеваға (сол жақта) "Қазақ тілі" қоғамдық ұйымы Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Жангелді Тәжин домбыра сыйлап тұр. Петропавл, 1 шілде 2018 жыл.
Ұлттық домбыра күні өмірге сәби әкелген жас ана Данагүл Қалиеваға (сол жақта) "Қазақ тілі" қоғамдық ұйымы Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Жангелді Тәжин домбыра сыйлап тұр. Петропавл, 1 шілде 2018 жыл.

Бүгін Қазақстанда алғаш рет Ұлттық домбыра күні атап өтілді. Солтүстік Қазақстан облысының орталығы Петропавл қаласында бұл күні алғаш болып дүниеге келген сәбиге қазақ халқының ұлттық музыка аспабы – домбыра сыйға берілді. Қаладағы перинаталдық орталықта дүниеге сәбидің анасы Данагүл Қалиеваға сыйлықты "Қазақ тілі" қоғамдық ұйымының облыстық филиалының төрағасы Жангелді Тәжин табыс етті.

- Қазір дүниеге келген сәбиге қазақтың қасиетті домбырасын сыйлап, осы домбырада алғашқы әнді ойнап, баланың құлағына қазақтың әуезді домбырасының үнін, қазақтың тамаша әнін сыламақшымыз, - деді Жангелді Тәжин.

Данагүл Қалиева бүгін таңертең өмірге ұл бала әкелген. Дәрігерлердің айтуынша, салмағы 3 келі 564 грамм болып туған баланың денсаулығы жақсы. Бұл күні перзентханада күндізгі сағат 11-ге дейін барлығы екі ұл және бір қыз бала дүниеге келген. Жыл басынан бері Петропавлдағы перинаталдық орталықта екі жарым мыңдай бала өмірге келген.


Ұлттық домбыра күні Петрпавлдағы сауда орталықтарында домбырашылар қазақтың ұлттық музыка аспабында күй тартып, ән салды.

Шілденің 1-і күні Астанадағы "Қазақ елі" монументі алдында өткен "Ұлттық домбыра күніне" арналған шараға Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысты. Екі мыңнан астам музыканттан құралған домбырашылар оркестрі дирижер Айтқали Жайымовтың жетекшілігімен "Көңіл ашар", "Адай", "Балбырауын", "Ерке сылқым" және "Сарыарқа" күйлерін орындады.

Астанадағы Ұлттық домбыра күніне арналған шара:

"Ұлттық домбыра күні" алғаш рет аталып өтті
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:37 0:00

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың биыл маусымның 13-і күні шығарған жарлығымен шілденің бірінші жексенбісі Ұлттық домбыра күні болып белгіленген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG