Accessibility links

БАҚ: Байқоңыр қызметкерлеріне әлеуметтік желіні қолдануға тыйым салды


Байқоңыр ғарыш айлағында ұшырылым алаңына жеткізілген зымыранды күзетіп тұрған қарулы сарбаздар (Көрнекі сурет).
Байқоңыр ғарыш айлағында ұшырылым алаңына жеткізілген зымыранды күзетіп тұрған қарулы сарбаздар (Көрнекі сурет).

Байқоңыр ғарыш айлағында ақпараттың сыртқа шығып кетпеуі үшін қызметкерлерге жұмыс уақытында әлеуметтік желілерді қолдануға тыйым салынды. Ғарыш айлағының директоры Евгений Роковскийдің "РИА Новости" редакциясы қолына тиген бұйрығында қызметкерлер әлеуметтік желіні жұмыс компьютерлерінде ғана емес, ұялы телефондарында да қолдана алмайтыны айтылған.

"Қызметтік ақпараттың сыртқа таралып кетуін болдырмау шараларын жасау мақсатында және еңбек тәртібін күшейту үшін филиал қызметкерлеріне жұмыс уақытында жеке ұялы телефондары мен планшеттерінде әлеуметтік желілер мен жедел хабар алмасу жүйелерін қолдануға тыйым салынсын" делінген бұйрық мәтінінде.

Құжатта әлеуметтік желілер мен мен мессенджерлер тізімі берілген. Тізімде Telegram мессенджері де бар.

"РИА Новости" агенттігінің Байқоңырдағы дереккөзі құжаттың түпнұсқа екенін растаған. Оның сөзінше, ғарыш айлағының барлық қызметкерлері құжатпен танысқаны туралы құжатқа қол қоюға міндеттелген.

Айлақ директоры қызмет бабында хат-хабар алмасуда қызметкерлерден корпоративтік электрондық пошта қызметін қолдануды талап етеді.

"Роскосмос" корпорациясының Ресейдегі ғарыш айлақтарын пайдалану мәселесімен айналысатын Ғарыш инфрақұрылымы нысандарын пайдалану орталығы бұл ақпаратқа қатысты комментарий беруден бас тарты.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG