Accessibility links

Ресей Украина тауарын транзитпен тасымалдауды шектеу мерзімін ұзартты


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Ресей Украинадан Қазақстан мен Қырғызстанға азық-түлік тауарларын транзит арқылы тасымалдауға қойған шектеуін жарты жылға ұзартты. Ресей президенті Владимир Путиннің шектеу мерзімін ұзарту туралы жарлығы Ресейдің құқықтық ақпарат порталында жарияланды.

Бұған дейінгі шектеудің қолданылу мерзімі 30 маусымда аяқталған. Жаңа шектеу 2019 жылдың 1 қаңтарына дейін күшінде болады.

2015 жылы желтоқсанда Ресей Украинамен ТМД аясында еркін сауда аймағы туралы келісімнің күшін тоқтатуға шешім қабылдаған. Шектеу шаралары 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген.

Сол жылы 2 қаңтарда Украина да Ресейдің біраз тауарына 1,5 пайыздан 19 пайызға дейін импорттық баж салығын енгізген.

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ресей өз аумағы арқылы украин тауарларын транзитпен тасымалдауға толық тыйым салған. Украина экономикалық даму министрлігінің есебінше, транзит көлемі жылына шамамен 1,8 миллиард долларды құрайды.

Украина билігі Ресей Дүниежүзілік сауда ұйымы аясында өзіне алған міндеттемесін бұзып, украин тауарларын көлік және теміржолмен транзит арқылы тасымалдауға толық тыйым салғанын мәлімдейді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG