Accessibility links

БАҚ: Австрияда Иран дипломаты теракт ұйымдастыру күдігіне ілінді


Иран туы (Көрнекі сурет)
Иран туы (Көрнекі сурет)

Германияда ирандық дипломат Францияда теракт жасамақ болды деген күдікпен ұсталды.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, бұл іс бойынша Бельгияда тағы екі адам, Францияда үш адам ұсталған. Бірақ олардың екеуі кейін босатылған. Полиция оларды эмигранттар ұйымы - Иран ұлттық қарсыласу кеңесінің құрылтайында жарылыс жасамақ болды дейді. Құрылтайға АҚШ президенті Дональд Трамптың заңгері Руди Джулиани қатысқан.

Қамалған дипломат Иранның Венадағы елшлігінің қызметкері болған делінеді. Австрия Сыртқы істер министрлігі күдікті дипломатты тиіспеу құқығынан айыруды талап етті.

Тегеран дипломатқа қатысты айыптауды "ойдан құрастырылған" деп атады.

Сәрсенбіде Венаға Иран президенті Хассан Роухани сапарлап баруы тиіс. Иран билігі Еуропа елдерін АҚШ-тың Тегеранға салған санкцияларына қосылмауға үгіттеп көрмек.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG