Accessibility links

Полиция: Солсбери түбінде тағы екі адам уланды


Солсбериде ауруханаға апарар жолды көрсетіп тұрған тақтайша, Ұлыбритания (Көрнекі сурет).
Солсбериде ауруханаға апарар жолды көрсетіп тұрған тақтайша, Ұлыбритания (Көрнекі сурет).

Ұлыбританияның Солсбери қаласына жақын Эймсбери қаласында 30 маусым күні ғимараттардың бірінде ес-түссіз жатқан ер мен әйел адам табылған. Уилтшир графтығы полициясының Twitter-де хабарлауынша, олар "белгісіз затты" ұстап, я жанасқан болуы мүмкін.

Зардап шеккендер Солсбери қаласындағы ауруханаға жеткізілген. Олар мұнда әл үстінде жатыр. Мамандар улы затты анықтау үшін талдау жасап жатыр. Зардап шеккендер барған болуы мүмкін делінген бірнеше жер қауіпсіздік мақсатында қоршауға алынған.

Наурыздың басында Солсбериде Ресей Сыртқы барлау қызметінің бұрынғы қызметкері Сергей Скрипаль мен қызы Юлия Скрипаль уланған. Лондон олардың СССР тұсында жасалған "Новичок" уынан уланғанын айтып, қастандықты Кремльден көреді. Мәскеу бұған қатысы барын жоққа шығарады.

3 шілде күні The Sun газеті Лондон полициясындағы дереккөздеріне сілтеме жасап, Скрипальдерді улауға екі адамның қатысы бар болуы мүмкін екенін және олардың қастандықтан бірер тәуліктен соң Ұлыбританияға кетіп қалғанын хабарлаған. Басылым күдіктілердің аты-жөнін жарияламағанымен, олардың "Ресеймен байланысы барын" және үстілерінен қылмыстық іс қозғалғанын жазды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG