Арменияның Ұлттық қауіпсіздік қызметінің өкілдері елдің бұрынғы президенті Серж Саргсянның ағасы Александр Саргсянның пәтерінде бірнеше сағат бойы арнайы операция жүргізгенін хабарлады.
Ұлттық қауіпсіздік қызметінің баспасөз хатшысы Самсон Галстян Азаттықтың Армян қызметіне тексеру туралы толық ақпаратты кейін беретінін айтқан.
Ереванда 25 маусымда Александр Саргсянды "заңсыз қару алып жүрді" деген күдікпен ұстап, полицияға апарған. Онымен байланысы бар компанияларда тінту жүргізген. Кейін Александр Саргсянның қару алып жүруге рұқсаты болған соң босатқан. Кейін Армения полициясының басшысы Валерий Осипян "Александр Саргсянның қару-жарақтарының заңды" екенін айтқан.
Оқи отырыңыз: "Билік арсыз болса, халық көтеріледі"
62 жастағы Александр Саргсян Арменияда "Сашик" деген лақап атпен танымал. 2003 жылдан 2011 жылға дейін Ұлттық Жиналыс (парламент) мүшесі болған. Журналистер оның бизнеспен айналысқанын жазған.
Бұған дейін Серж Саргсянның бауыры Левон Саргсянның үстінен жаңа қылмыстық іс қозғады. Ол "декларацияда көрсетілуі тиіс қаржыны жасырған" және "заңсыз байыған" деген күдікке іліккен.
ПІКІРЛЕР