Accessibility links

Ресей соты АЕ/АР-ға айыппұл салды


АЕ/АР Орыс редакциясы - Радио Свободаның Мәскеудегі кеңсесі.

Мәскеудің Твер аудандық бітімгершілік соты 5 шілдеде "Азат Еуропа / Азаттық Радиосы" (АЕ/АР) медиакорпорациясына Ресей Әділет министрлігінің шағымы бойынша 100 мың рубль көлемінде айыппұл салды. Министрлік корпорацияны "шетел агенті" деп танылған үкіметтік емес ұйым ретінде мемлекеттік органдарға қаржылық мәліметін бермеді" деп сотқа берген.

АЕ/АР заңгері сот барысында корпорация әділет министрлігі бірнеше рет сұрау салғанымен, құжатты қалай толтырудың нақты тәртібін түсіндірмегендіктен тиісті құжатты уақытында тапсыра алмағанын айтты. Бұған қоса, "шетел агенті" деп танылған БАҚ-тың есеп беру тәжірибесі заң белгілеген құжат тапсыру мерзімі аяқталған соң күшіне енген. АЕ/АР басшылығы сот шешіміне құқықтық тұрғыдан жауап беру жағын ойластырып жатыр.

Оқи отырыңыз: Асыра сілтеген «қарымта»

АЕ/АР президенті Томас Кент медиакорпорацияға "БАҚ - шетел агенті" заңын қарсы қолдану корпорацияның Мәскеудегі өкілдігі мен қызметкерлерін қудалауға ұласып, қызметіне қатер төндіруі мүмкін деп мәлімдеді. Кент АЕ/АР-ға қарсы сотты "Ресей билігінің медиакорпорация жұмысына килігіп, журналистеріне қарсы кампания бастаудағы кезекті әрекеті" деп атады.

Томас Кент, АЕ/АР президенті.
Томас Кент, АЕ/АР президенті.

АЕ/АР президентінің пікірінше, былтыр желтоқсанда күшіне енген "БАҚ - шетел агенті туралы" заң әуелден саяси мақсатта қабылданған. "Ресейде жұмыс істейтін барлық шетелдік БАҚ арасында АҚШ Конгрессі қаржыландыратын ақпарат құралдары ғана "БАҚ- шетел агенті" тізіміне алынған. Ресей заңының түсініксіз талаптары тек осы БАҚ-қа қойылады. Біз бұл заңды тек бізді нысанаға алып қабылданған деп білеміз. АҚШ заңдары біздің редакциялық тұрғыдан тәуелсіз болуымызға кепіл болады" деді Томас Кент.

2017 жылы 5 желтоқсанда Ресей әділет министрлігі Азат Еуропа/Азаттық Радиосы, "Америка дауысы" радиосын, "Настоящее время" телеарнасын, АЕ/АР-дің Орыс редакциясын (Радио Свобода), оның Татар-башқұрт қызметін (AzatliqRadiosi), АЕ/АР-дің "Фактограф", "Idel.Реалии", "Кавказ.Реалии" және "Крым.Реалии" жобаларын "шетел агенті" тізіміне қосқан.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

Зеленский: Заң алдында бәрі тең мемлекет құрамыз
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:21 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG