Accessibility links

Мәскеу билігі зейнетақы реформасына қарсы шеруге рұқсат бермеді


Үкіметтің зейнетақы реформасына қарсы екені туралы жазу ұстап тұрған адам. Омбы, Ресей, 1 шілде 2018 жыл.
Үкіметтің зейнетақы реформасына қарсы екені туралы жазу ұстап тұрған адам. Омбы, Ресей, 1 шілде 2018 жыл.

Мәскеу билігі кәсіподақ ұйымдарына қала орталығында үкіметтің зейнетақы реформасына қарсы шерулер өткізуге тыйым салғаны туралы "Интерфакс" агенттігі хабарлады.

Мәскеу мэриясы қалада футболдан әлем чемпионаты ойындары өтіп жатқандықтан көпшіліктің қатысуымен шаралар өткізудің ерекше тәртібі бар деп түсіндірген. Мэрия зейнетақы реформасына наразыларға акциясын өткізетін балама орын ретінде Мәскеудің Люблино ауданындағы Перерва көшесін немесе Сокольники саябағын таңдауды ұсынған. Ұйымдастырушылар аталған жерлерге барудан бас тартқан.


Ресей үкіметі елде әйелдердің зейнетке шығу жасын 55 жылдан 63 жылға, ерлердікін - 60-тан 65 жасқа дейін ұлғайтуды ұсынады. Маусымның 30-ынан бастап бүкіл Ресей аумағында кәсіподақтар үкімет реформасына қарсылық акцияларын өткізіп жатыр. Кәсіподақтар Ресей президенті Владимир Путиннен азаматтардың зейнетке шығу жасын ұлғайтпауды талап етіп, петицияға қол жинаған. Бірнеше социологиялық қызметтер жүргізген сауалнама қорытындылары зейнетақы реформасына наразылық күшейген тұста Путиннің рейтингі күрт түсіп кеткенін көрсеткен.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG