Accessibility links

Карловы Вары байқауында "Свидетели Путина" фильмі жеңімпаз атанды


Ресейлік режиссер Виталий Манский ""Свидетели Путина" деректі фильмі үшін берілген жүлдені ұстап тұр. Карловы Вары, Чехия, 7 шілде 2018 жыл.
Ресейлік режиссер Виталий Манский ""Свидетели Путина" деректі фильмі үшін берілген жүлдені ұстап тұр. Карловы Вары, Чехия, 7 шілде 2018 жыл.

Ресейлік режиссер Виталий Манский "Азат Еуропа / Азаттық радиосының" қолдауымен түсірген "Свидетели Путина" ("Путиннің куәгерлері") фильмі Карловы Вары қаласында өткен деректі фильмдер байқауында бас жүлдені жеңіп алды.

"Свидетели Путина" – Ресейдің қазіргі президентінің саяси мансабы қалай басталғанын көрсететін бірегей кадрлар бар фильм. Режиссер бұл шығармасында көрерменге Владимир Путиннің билікке қалай келгенін білетін негізгі "куәгерлерді" таныстырады. Деректі шығарма Манский 1999 және 2000 жылдары түсірген, өте сирек және бұған дейін еш жерде жарияланбаған видеоматериалдардан тұрады.

Бұл фильмде 1999 жылғы желтоқсанның 31-і күні Ресей президенті Борис Ельцин: "Мен кетемін. Қолымнан келгеннің бәрін жасадым" деп мәлімдегеннен кейін Ресейде кезектен тыс президент сайлауы тағайындалып, оның қалай өткені жайлы осы кезге дейін белгісіз болып келген деректер баяндалады.


Сол уақытта Ресей федералдық қауіпсіздік қызметін басқарған, 1999 жылғы тамыз айынан үкімет жетекшісі болған Владимир Путинге президент міндетін уақытша атқару жүктелген. Сайлаудағы ең басты мәселе – Путин бірінші турда жеңіске жете ме, жоқ әлде екінші рет дауыс беру қажет бола ма деген сауалға тірелген. Путиннің сайлау штабын президент әкімшілігі басшысының орынбасары Дмитрий Медведев басқарған.

Карловы Вары фестивалі "А" санатына енеді және Еуропадағы ең беделді байқаулардың бірі саналады. Виталий Манский бұған дейін де осы фестивальдің жүлдесін иеленген. Уренгой-Ужгород газ құбыры бойында тұратын адамдардың өмірі жайлы ол түсірген "Труба" ("Құбыр") картинасы Карловы Вары деректі фильмдер байқауында бас сыйлықты жеңіп алған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG