Accessibility links

Таиландта үңгірде қалған балаларды шығаруға кіріспекші


Үңгірден шыға алмай отырған балалардың туыстары құтқару операциясына дайындық жүріп жатқан жердегі адамдар. Таиланд, 8 шілде 2018 жыл.

Таиландта екі аптадан аса уақыт үңгір кешенінен шыға алмай отырған оқушылар мен олардың бапкерін құтқару оперциясы жүргізіліп жатыр. Бұл туралы жексенбі күні құтқару оперциясын басқарып жүрген Чианграй провинциясының экс- губернаторы Наронгсак Осоттханакон хабарлаған.

"Ауа райы жақсы. Су деңгейі де қалыпты. Сүңгуірлер әзір тұр. Ұлдар көңіл-күй, ой-санасымен шығуға дайын", - деген Осоттханакон.

Ол 13 шетелдік және бес жергілікті сүңгуірден құралған топтың барар жолын су басқан үңгір ішінде қалған балаларды алып шығуға аттанғанын айтты. Осоттханаконның сөзінше, жерасты жолы едәуір ұзақ болғандықтан, оқушылар үңгірден жергілікті уақыт бойынша сағат 21:00-ден бастап бір-бірлеп шыға бастамақ. Құтқарушылардың болжамы бойынша, балаларды эвакуциялау жұмыстары 3-4 күнге жалғасуы мүмкін.


Таиланд билігі құтқару операциясына әлемнің әр елінен, негізінен Еуропадан келген дайверлер қатысып жатыр деп мәлімдеді. Үңгірден су басқан жолмен шығатын әр баланың жанында екі дайвер бірге болады деп хабарланды.

Маусымның 23-і күні Таиландтың Чианграй провинциясындағы үңгірлер кешенін зерттеуге барған 12 жасөспірім ұл мен олардың бапкері қатты нөсер салдарынан қайтар жолды су басып қалғандықтан кері шыға алмай қалған. Жұма күні оларды құтқару операциясына қатысып жатқан бұрынғы әскери сүңгуір қаза тапқан.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

Жаһан жаңалықтары 19.10.2018
please wait

No media source currently available

0:00 0:15:39 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG