Accessibility links

Түркияда пойыз апатынан 24 адам қаза тапты


Аударылған пойыз (Көрнекі сурет).
Аударылған пойыз (Көрнекі сурет).

Түркияда шілденің 8-і күні болған теміржол апатынан кем дегенде 24 адам қаза тауып, 70-тен астам адам жараланды. Түркиялық шенеуніктердің хабарлауынша, қайғылы оқиға Түркияның солтүстік-батысындағы Текирдаг провинциясында болған. 360 жолаушыны тасымалдап келе жатқан пойыз рельстен шығып кетіп, аударылған.

"Көп адам қаза тауып, жараланды" деді Текирдаг провинциясының губернаторы Мехмет Жейлан NTV тееарнасына. Транспорт министрлігінің хабарлауынша, рельс пен су ағатын құбыр арасындағы топырақ нөсерден шайылып кеткендіктен пойыздың алты вагонының бесеуі рельстен шығып кетіп, аударылған.

Мемлекеттік Anadolu ақпарат агенттігі президент Реджеп Тайып Ердоғанға теміржол апаты туралы хабарланғанын және президенттің құрбандар отбасыларына көңіл айтқанын хабарлады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG