Accessibility links

Ақтөбеде прокуратура шарбағына өзін шынжырлаған наразы адам қамалды


Бақытжан Құрманов "сот-прокуратура жүйесіндегі заңсыздықтарға" наразылық танытып, Ақтөбе облыстық прокуратурасының темір қоршауына өзін шынжырлап тастады. Ақтөбе, 8 шілде 2018 жыл.
Бақытжан Құрманов "сот-прокуратура жүйесіндегі заңсыздықтарға" наразылық танытып, Ақтөбе облыстық прокуратурасының темір қоршауына өзін шынжырлап тастады. Ақтөбе, 8 шілде 2018 жыл.

Ақтөбеде қаласының мамандандырылған әкімшілік соты өзін прокуратура шарбағына шынжырлаған азамат Бақытжан Құрмановты үш күнге қамады.

Шілденің 8-і күні Ақтөбе қаласының тұрғыны 54 жастағы Бақытжан Құрманов облыстық прокуратура шарбағына өзін шынжырлап тастаған. Құрманов прокуратура алдына Хромтау ауданы Қопа ауылындағы 76 гектар жерді жеке меншікке сатып жіберген биліктің шешімін сотқа бергенімен, әділдікке қол жеткізе алмай келе жатқанын мәлімдеген. Құрманов өзіне облыс прокуроры келіп, арыз-шағымын тыңдамайынша орнынан қозғалмайтынын айтқан. Бірақ екі сағаттан полиция қызметкерлері оны көлікке салып алып кеткен.

Облыстық соттың баспасөз хатшысы Анар Айтжанова әкімшілік сот Бақытжан Құрмановты құқық қорғау органы қызметкерлерінің заңды талабына бағынбады деп айыптап, үш тәулік қамауға алу туралы шешім шығарғанын хабарлады.

Наразы тұрғын прокуратура шарбағына өзін шынжырмен таңды

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG