Accessibility links

Ұлыбритания сыртқы істер министрі отставкаға кетті


Борис Джонсон.
Борис Джонсон.

Ұлыбритания сыртқы істер министрі Борис Джонсон отставкаға кетті. Ол министрлер кабинетімен Brexit мәселесі бойынша келісе алмаған. Бұл туралы BBC телеарнасы хабарлады.

"9 шілдеде Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй Борис Джонсонның отставкасын қабылдады. Жаңа министрдің есімі жақын арада жарияланады" деген ресми мәлімдемеде.

9 шілдеде Ұлыбританияның Brexit мәселелері бойынша министрі Дэвид Дэвис пен оның орынбасары Стив Бейкер Ұлыбританияның Еуропа одағынан шығу саясатына көңілі толмай отставкаға кеткен. Дэвистің орнына Доминик Рааб тағайындалған.

Ұлыбританияның Еуропа одағынан шығу туралы референдум 2016 жылды өткен. Брекзитт британдықтардың 50 екі пайызы қолдаған. Лондон Еуропа одағынан шығу жұмыстарын 2017 жылдың маусымынан бастаған. Ұлыбританияның ЕО-дан шығуы 2019 жылдың 29 наурызына жоспарланған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG