Accessibility links

Түркия президенті Ердоған ант қабылдады


Ердоғанның инаугурациясы. 9 шілде 2018 жыл.
Ердоғанның инаугурациясы. 9 шілде 2018 жыл.

9 шілдеде Анкарада Түркияда президенті Режеп Тайып Ердоғанның инаугурациясы өтті. Осы күні елде президент билігін күшейткен жаңа конституция күшіне енді.

Reuters ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ердоған енді Үкімет мүшелерінің тізімін жариялайды. Ант қабылдау кезінде ол жаңа үкіметтің алғашқы отырысы 13 шілдеде өтетінін айтты

Ердоған 2018 жылы 24 маусымдағы сайлауды жеңіске жетіп, бес жылға президент болып сайланған. Жаңа конституцияға сай президенттің өкілеттілігі артып, премьер-министрдің міндеттері азайған. Президент вице-президентті өзі сайлайды. Ал парламент президент жұмысына араласа алмайды. Ел басшысы керек уақытында парламентті таратып, елде төтенше жағдай жариялай алады.

Оқи отырыңыз: Түркия сайлауы: Қазақстаннан көзқарас

Түркияны 15 жылдан бері басқарып келе жатқан Ердоған бұрын премьер-министр болған. Ол 2014 жылы президент болып сайланған. Кезінде Стамбулдың мэрі қызметін де атқарған Ердоған Неджметдин Ербакан басқаратын исламдық партияға тыйым салған соң өзінің Әділет пен даму партиясын құрған еді.

2016 жылғы шілденің 15-інде елде мемлекеттік төңкеріс жасау талпынысы болып, билік оны күшпен басып, соңынан мыңдаған адамды қуғындаған. Батыс Ердоғанды төңкерісшілерді жазалау науқаны аясында саяси бәсекелестерін қудалап жатыр, адам құқықтарын бұзады деп жиі сынайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG