АҚШ президенті Дональд Трамп Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын Пхеньянның ядролық қарудан бас тартуы жөніндегі келісімді бұзбайтынына сенімді екенін, бірақ Қытай АҚШ-пен арадағы сауда мәселесіндегі келіспеушілікке байланысты ол келісімге ықпал етуі мүмкін деп қауіптенетінін мәлімдеді.
Трамп бұл жайында Twitter-де Солтүстік Корея өткен жексенбіде Пхеньянға барған АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның келіссөзді "гангстерлік стильде" жүргізгенін айыптап, кездесуге өкініш білдірген соң жазды.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Пхеньянның сынына қарамастан Солтүстік Коря басшылығымен өткен келіссөзді "нәтижелі деп атап отыр. Помпео солтүстіккореялық дипломаттар келіссөзде "тегеурінділік таныта алмағанын" мәлімдеп, Пхеньянмен диалог бұдан ары да жалғасатынынан үмітті екенін білдірді.
ПІКІРЛЕР