Accessibility links

Таиландта құтқарушылар үңгірдегі 13 адамның бәрін шығарды


Таиландта үңгірден шығарылған балаларды ауруханаға әкетіп жатқан жедел жәрдем көлігі. 10 шілде 2018 жыл.

Таиландта құтқарушылар үңгірде қалып қойған 13 адам - жергілікті футбол командасында ойнайтын 12 бала мен олардың 25 жастағы жаттықтырушысын жер бетіне шығарды деп хабарлады жергілікті билік мәлімдемесіне сілтеме жасаған Reuters агенттігі.

Құтқару операциясы маусымның басынан бері жүргізілді. Оған шетелдік сүңгуірлер мен Таиландтың әскери-теңіз флотының элиталық бөлімі мүшелері тартылды. Жергілікті билік эвакуация жоспарланғаннан тез жүргізілгенін, дегенмен сол аймаққа төніп келе жатқан нөсер үңгір жолдарын мүлдем жауып тастауы мүмкін деп қауіптенгенін айтады.

Маусымның 23-і күні Таиландтың Чианграй провинциясындағы үңгірлер кешенін зерттеуге барған 12 жасөспірім ұл мен олардың бапкері қатты нөсер салдарынан қайтар жолды су басып қалғандықтан кері шыға алмай қалған. Өткен аптада оларды құтқару операциясына қатысып жатқан бұрынғы әскери сүңгуір қаза тапқан.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

"Негативті емес, позитивті түсіріңдер"
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:41 0:00
XS
SM
MD
LG