Accessibility links

Қауіпсіздік кеңесі туралы заң күшіне енді


Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан президенті.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Қауіпсіздік кеңесін өмір бойы басқару құқығын беретін заң ресми баспасөзде жарияланды. 12 шілдеде жарияланған заңға президент 5 шілде күні қол қойған.

28 маусымда Қазақстан Конституциялық кеңесі "қауіпсіздік кеңесі туралы" заң мен осы кеңестің қызметі туралы кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер енгізетін заңды конституцияға сәйкес келеді деп таныған.

Бұдан алдын, 19 маусым күні президент Нұрсұлтан Назарбаев Конституциялық кеңес төрағасы Қайрат Мәмиді қабылдап, елдегі заңдардың "Конституция ережелеріне және нормаларына толық сәйкес келуге тиіс" екендігін айтқан.

Оқи отырыңыз: Назарбаев Қауіпсіздік кеңесін мәңгі басқармақ

Парламентте заң жобасын депутаттарға таныстырған әділет министрі Марат Бекетаев бұл заңның “Қазақстан Қауіпсіздік кеңесін елдің ұлттық қауіпсіздік пен қорғаныс қабілетін қамтамасыз етуші орган ретінде тануға” мүмкіндік беретінін айтқан.

За бойынша, Қауіпсіздік кеңесі төрағасына қауіпсіздік кеңесін басқару, отырыстары мен жедел жиналыстарын шақыру, Қауіпсіздік кеңес туралы жағдайды бекіту, сонымен бірге заңнамада қарастырылатын өзге өкілеттерді жүзеге асыру құқығы берілмек.

Қауіпсіздік кеңесі туралы заң ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG