Accessibility links

Тұңғышбаевты дәрігерлер тексеруінен өткізді


Қазақстандық оппозициялық белсенді әрі блогер Мұратбек Тұңғышбаев Бішкектегі сотта отыр. 19 маусым 2018 жыл.
Қазақстандық оппозициялық белсенді әрі блогер Мұратбек Тұңғышбаев Бішкектегі сотта отыр. 19 маусым 2018 жыл.

Алматыда тергеу изоляторында отырған белсенді, блогер Мұратбек Тұңғышбаевты шілденің 11-і күні , медициналық тексерістен өткізді деп хабарлады Азаттық тілшісіне Тұңғышбаевтың туыстары.

- Мұратты кардиолог пен көз аурулары институтындағы офтальмологқа апарды. Тексеру жүргізді. Емдеу мен анализді бекітті. Оның қан қысымы бар. Көзінің жағдайы әзірге, белгісіз. Анализ керек. Әзірге, дәрі-дәрмектер жазып берді. Көзінің астына укол салды. Ол бұған дейін ұйықтағанда қолының ұйып қалатынын және сол көзінің бұлдырап көретінін айтқан еді, - дейді оның әйелі Мерей Қалиева.

Алматы қаласындағы көз институты Азаттыққа кеше Мұратбек Тұңғышбаевтың көзіне медициналық тексеру жасалғанын растады.

Тұңғышбаевтың адвокаты Гүлнара Жуаспаева бұған дейін Азаттыққа белсендінің денсаулығы әлсіз, көруі нашарлай бастағанын, ол емін ары қарай жалғастыруға рұқсат беру туралы арыз жазғанын айтқан.

Қазақстандық оппозициялық белсенді, блогер Мұратбек Тұңғышбаев Қылмыстық кодекстің 266-бабының 1-бөлімі ("Қылмыстық топтың әрекетін қаржыландыру, сол сияқты мүлiктi сақтау, бөлу, қаржыландыру арналарын әзiрлеу") бойынша күдікті деп танылған. Ол қазір Алматыдағы СИ-18 тергеу изоляторында отыр.

Оқи отырыңыз: Туыстары Тұңғышбаевты Алматы полициясында ұстап отырғанын айтады

Мұратбек Тұңғышбаевты Қырғызстан арнайы қызметі 10 мамырда Бішкекте Қазақстан билігінің сұрауымен ұстаған. 25 маусымда Бішкектің Октябрь аудандық соты Қырғызстан Бас прокуратурасының Мұратбек Тұңғышбаевты Қазақстанға қайтару туралы шешімін қолдаған. Қазақстан билігі Мұратбек Тұңғышбаевты "экстремистік ұйым ретінде тыйым салынған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысын қолдайды" деп айыптап отыр. Тұңғышбаев аталған қозғалысқа қатысы жоғын айтып, бұл айыптың саяси астары бар деп мәлімдеген. 21 мамырда Қырғызстан Бас прокуратурасы Мұратбек Тұңғышбаевты Қазақстанға экстрадициялау туралы шешім шығарған. Бұған дейін оны қамауға алу туралы шешімге қарсы берілген шағымдардың ешқайсысы қанағаттандырылмады.

Human Rights Watch адам құқығын қорғау ұйымы Қырғызстанның азаптауға ұшырауы мүмкін екеніне қарамастан саяси астары бар іс бойынша айыпталған белсенді Мұратбек Тұңғышбаевты Қазақстанға тапсыруын айыптаған.

  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG