Accessibility links

Гафур Рахимов Өзбекстанға оралуға рұқсат алды


Гафур Рахимов.

10 шілдеде Өзбекстанның Бас прокуратурасы іздеу жарияланғандар тізімінен бизнесмен Гафур Рахимовты алып тастау туралы қаулы шығарды.

Шешімге сай, Халықаралық бокс қауымдастығы (АIBA) президенті қызметін уақытша атқарушы Гафур Рахимовты қамау жазасы да жойылған. Кәсіпкер 2010 жылы Өзбекстаннан Дубайға кеткен.

Соңғы 20 жыл AIBA-ның атқару комитетінде басшылық қызметтер атқарған Гафур Рахимов биыл 27 қаңтарда Дубайда өткен конгресте ұйымның уақытша президенті болып тағайындалған.

Өзбекстан билігі Рахимовқа алғаш іздеуді 2013 жылы жариялап, екі жылдан соң оның аты-жөні іздеуде жүргендер тізімінен жойылған еді. Елдің Ішкі істер министрлігі биыл маусымда бизнесмен Гафур Рахимовқа тағы да іздеу жариялаған. Бизнесмен бопсалау, қылмыстық жолмен табылған ақшаны заңсыз иелену күдігіне ілінген.

2012 жылы АҚШ Қаржы министрлігі Гафур Рахимовты "ұйымдасқан қылмыстық топ жетекшілерінің бірі" деп жариялап, оған қаржылық санкция салған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG