Accessibility links

Трамп Қытай мен Ресейді "қарсыластар" деп атады


АҚШ президенті Дональд Трамп.
АҚШ президенті Дональд Трамп.

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей, Қытай мен Еуропа одағын (ЕО) құрама штаттардың "қарсыластары" деп атады. Ол Еуропадағы бұрыннан бергі одақтастарын ерекше атап, оларды сауда келісімінде АҚШ-ты өз мақсатына пайдаланып отыр деп санайтынын айтты.

"Біздің қарсыласымыз көп деп ойлаймын", - деді президент CBS News арнасына берген сұхбатында.

- Олар ("қарсылас" деп атаған мемлекеттерді айтады) саудада АҚШ-ты сөзсіз пайдаланып отыр. Оның көбі – НАТО-ға мүше елдер. Одақтастар қорғаныс шығындарын жалпы ішкі өнімдерінің екі пайызынан өсіру міндетін орындамай отыр, - деді Трамп.

Сұхбатта Трамп Ресейден Германияға Балтық теңізі арқылы газ жеткізу құбырының құрылысы жайлы Мәскеумен келісімге келген Берлинді және бір мәрте сынайды.


Коммунистік Шығыс Еуропада өскен Германия канцлері Ангела Меркель бірнеше күн бұрын Трамптың сынына "Совет одағы Германияны қалай бақылауда ұстағанын өз көзіммен көргенмін" деп жауап берген.

Еуропа одағының төрағасы Дональд Туск та Трамптың Еуропа елдерін сынауын сөккен. Ол туиттердегі парақшасында "Америка мен ЕО – жақын достар. Бізді жау дегендер жалған ақпарат таратып жүр" деп жазды.

Былтыр АҚШ-пен саудадан түскен табысы 151 миллиард долларға жеткен Еуропа одағы Вашингтонмен баж салығына қатысты дауласып қалған. Трамп Еуропадан келетін алюминий мен болатқа салықты көбейткен соң, Еуропа одағы АҚШ тауарларының – бурбон шарабы, джинс пен мотоциклдардың салығын өсірген.

Бұған дейін Трамп "Путин - менің досым емес, мен оны жақсы білмеймін әрі ол менің дұшпаным да емес. Ол жай ғана Ресей президенті", – деп мәлімдеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG